Елдар Құдайбергеновтың онлайн-курсы
Подкастиң негіздері
Кімге арналған?
Бизнес
Кәсіпорындар үшін подкастинг тұтынушылармен байланыс орнатып, брендті танытудың тамаша тәсілі.
БАҚ
Бұқаралық ақпарат құралдары үшін подкастинг аудиторияны кеңейтіп, қарым-қатынас орнату жолы.
Маман
Мамандар үшін подкастинг танымал медиа тұлғаға айналып, еңбек нарығында сұранысқа ие болу мүмкіндігі.
Оқу жоспары
ПОДКАСТ ИДЕЯСЫ. Подкастты қалай ойлап табуға болады? Подкасттың форматы мен жанрын таңдаймыз.
ЖОСПАРЛАУ. Әңгіме құрастыру. Сіз не туралы подкаст бастайсыз? Дыбыстар арқылы әңгімелеу. Зерттеу. Сценарий жазу.
СҰХБАТ. Сұхбат барысында қандай қателіктерді жасамаған жөн? Қонақты жан-жақты қырынан таныту. Тайм-кодты тиімді пайдалану.
АУДИО ЖАЗУ/ӨҢДЕУ. Өз даусыңызды сапалы жазып, оны өңдеу. Дыбысты тазалап, дұрыстау. Қонақтарды қашықтан жазуға дайындау.
ПОДКАСТТЫ ЖАРИЯЛАУ. Подкастты Apple Podcasts, Google Podcasts, Spotify, Яндекс.Музыка сынды подкаст тұғырларға жариялаймыз.
Түлектерінің пікірі
Курс авторы
Елдар Құдайбергенов. Кәсіби подкастер. Ең алғаш рет қазақстандық рок-музыка туралы подкастын 2008 жылы жасаған. Қазіргі таңда «Время подкастинга», «Как учиться», «Осознанный отец», «Саналы әке», «QazPodcast Audio», «бимодумо» подкасттарын жүргізеді. Сондай-ақ, «Қазақ радиоларының» подкаст платформасын ашқан. 2022 жылы Қазақстан подкастерлерінің алғашқы құрылтайын өткізді.
Жеке сайт: https://yeldar.org
Сұрақ/Жауап
Бұрын-соңды подкаст жаcап көрген емеспін. Бұл менің қолымнан келе ме?
Келгенде қандай! Оқуға жақсылап ден қойып, үй тапсырмасын уақытылы орындап отырсаңыз, өзіңіз қалаған нәтижеге қол жеткізесіз. Әрине, сіздің лайықты білім алуыңыз үшін курс авторы да аянып қалмайды.
Оқу кестесі қандай? Мен оны жұмыспен қатар алып жүре алам ба?
Курс материалдарымен өзіңізге ыңғайлы уақытта таныса аласыз. Курс біткен соң, барлық сабақтар осы жерде сақталады. Бұл – сайтқа кез келген уақытта қайта кіріп, ұмытып қалған тақырыпты еске түсіруге болады.
Аптасына неше сағат оқуым керек?
Ол өзіңізге байланысты. Орташа есеппен алғанда, біздің студенттер аптасына 3-5 сағаттан оқиды.
Курс авторымен қалай байланысуға болады?
Курс авторымен жабық Telegram-чатында байланысып, сұрағыңызды қоя аласыз. Сонымен қатар әр сабақтың астында пікір қалдыруға да болады.
Егер де курс авторына жеке сұрағыңыз болса, онымен байланысу жолдары жеке сайтында көрсетілген.
Қандай тақырыпта подкаст бастарымды білмей жүрмін…
Бірінші модульде біз қазіргі нарықта қандай подкасттар бар, олардың түрлері мен форматтары туралы айтамыз. Осы сабақтар сізге өз подкастыңыздың идеясын табуға көмектеседі. Тек бір ғана тақырыпқа байланып қалам деп қорықпаңыз. Ұнамаған идеядан кез келген сәтте бас тартып, басқа бір подкаст бастауға болады.
Дыбысты өңдеп, монтаждай алмаймын. Бұл подкаст бастауға кедергі болмай ма?
Ниет болса, бәрін де үйренуге болады. Осы курста дыбысты жазу жолдары мен оны жоғары сапада өңдеу туралы да айтылады. Әрине, сіз бір секундта осы саланың майталман маманы болып кетпессіз (оған уақыт пен тәжірибе қажет). Дегенмен, дәл қазір ең бастысы сіздің жасайтын алғашқы қадамыңыз болмақ.
Адамдармен сұхбаттасып көрмегенмін. Подкаст жасай аламын ба?
Подкаст тек қана сұхбат пен әңгіме жанрынан тұрмайды. Бір нәрсенің тарихын баяндайтын немесе монолог түріндегі подкасттар да бар. Сіз сұхбаттасу формасын таңдаған күннің өзінде бұл курс сізге сценарий жазып, қонаққа қалай сұрақ қоюды үйретеді. Сондықтан, алаңдауыңызға еш негіз жоқ.
Менің даусым подкаст жасауға келмейтін сияқты…
Бұған бола уайым жемеңіз. Әр адамның даусының өзіндік ерекшелігі бар. Сіздің подкастыңызды басқалардан айрықша ететін бірден-бір фактор – ол сіздің даусыңыз. Керексіз пауза мен басы артық сөздерді монтаж кезінде оп-оңай қиып тастай аласыз. Ал, сөйлеу мәнеріңіз уақыт өте келе түзеледі.
Бұл онлайн-курс неге тегін?
Мен бұл сұраққа былай жауап берер едім:
We don’t make software for free, we make it for freedom.
Richard Wyles
Жоба жаңылықтарына қалай жазылуға болады?
Жоба жаңалықтарын Жаңалықтар бетінен оқи аласыз.
Жоба жаңылықтары мен онлайн курсқа қосылатын жаңа сабақтарды жіберіп алмас үшін QazPodcast подкастына жазылып қойыңыз.