Бұл бөлімде подкаст құрылымы жайлы сөйлесеміз.
1. Эпизод сюжеті
Осы сабақта айтылған «Осознанный отец» подкастының эпизодтары:
2. Подкаст эпизодына қойылатын 4 сұрақ
Бұл сұрақтарды подкаст эпизодын жоспарлап, оны жинағанда қойыңыз:
- Эпизодтағы әңгіме не туралы?
- Сіздің әңгімеңізде кім бар?
- Оқиға бір жерден басталып, басқа жерден аяқтала ма? Басы аяғы бар ма?
- Қандай дыбыстар оқиғаның бөлігі бола алады?
4. Подкаст эпизодын тыңдарманға қызықты ету жолдары
Подкаст эпизодың тыңдарманға қызықты етуге көмектесетін сұрақтар
- Бұл тақырыпта немесе әңгіме несімен қызық?
- Неге бұл туралы сөйлесесіз/әңгімелейсіз?
- Бұл туралы кіммен сөйлесу керек?
- Оқиға мені қайда апаруы мүмкін?
- Бұл тақырып/әңгіме қандай ауқымды идеяның бөлігі?
- Неліктен қазір?
5. Зерттеу
Сіздер қандай зерттеу жасайсыздар? Сіздің подкастыңызды жасау үшін қанлай зерттеулер жасау керек?
6. Подкаст қонағы
7. Подкаст эпизодын бастау амалдары
8. Подкаст және эпизод сценариі
9. Подкаст эпизодының ұзақтығы 🆕
Сабақ мәтіні
Подкаст эпизодының ұзақтығы
Подкастиң негіздері онлайн курсының келесі сабағына қош келдіңіздер!
Менен подкастинг бойынша кеңес алушылардың жиі қоятын сұрағы: подкаст эпизодының ұзақтығы қанша болуы керек? Осы сабақта бұл сұрақтың жауабын білесіздер.
Подкасттың ұзақтығы деген бар, подкаст эпизодының ұзақтығы деген бар. Бұл сабақ подкаст эпизодының ұзақтығы жайында. Екі түсінікті шатастырып алмаңыздар. Подкаст эпизодтардан қаралады.
Әдетте адамдар подкастты бір іспен айналысып жүріп тыңдайды. Сіз болашақ подкастыңыздың оңтайлы ұзақтығын білгіңіз келсе, сол “басқа бір істің” қанша уақыт алатынын біліп алыңыз. Осы уақыт сіздің болашақ подкастыңыздың оңтайлы ұзақтығы бола алады.
Мысалы, егер тыңдарман сіздің подкастыңызды Ұзынағаш — Алматы тас жолымен жүретін автобуста тыңдайды десеңіз, подкастыңыздың эпизодтары бір жарым сағатқа созылғаны жөн. Алтын Орда кептелісінен өтіп, үйге жетем дегенше эпизодты да тыңдап үлгереді. Ал егер ыдыс жуғанда тындайды десеңіз, ол шамамен 20-25 минут уақыт алады.
АҚШ-ты мысалға алатын болсақ, ол жақта адамдардың жолға жұмсайтын орташа уақыты 26 минут екен. Демек, подкастты орташа жол жүру уақытынан ұзағырақ жасасаңыз, мәселен, 30 минут делік, бұл подкастты адамдар жұмысқа барар/келер жолда тыңдап үлгермейді. Ол адамдарға мұндай подкастты тыңдау ыңғайсыздау болады.
Дегенмен, бұл – орташа көрсеткіш. Яғни, бір адамдар жолға одан аз уақыт, ал басқалар көбірек жұмсайды.
Сондықтан біз келесі деректерді қарастырайық:
- 2019 жылы әлемдегі барлық подкасттың орташа ұзақтығы шамамен 37 минут болыпты;
- Компьютерлік ойындар санатындағы подкасттардың орташа ұзақтығы бұл көрсеткіштен екі есе көп екен (1 сағат 15 минут). Бұл – әлемдегі барлық подкасттардың орташа көрсеткіші;
- Әлемдік үздік 100 подкастты алып қарасақ, олардың орташа ұзақтығы 2018 жылдың қазан айында 53 минут болыпты;
- Нигерияда 2019 жылдың соңында жүргізілген сауалнамада нигериялықтардың 54 пайызы подкасттардың ұзақтығы 40 минуттан аспағанын қалайды екен;
- Тағы бір сауалнамаға қатысқан америкалықтардың 50 пайызы «подкасттар тым ұзақ» депті, демек қалған 50 пайызына бәрі ойдағыдай болғаны;
- Басқа бір зерттеуге жүгінсек, подкаст тыңдаушылардың үштен екісі тыңдауды жалғастыру үшін подкастқа кейінірек қайта оралады екен.
Подкаст оқиғаны баяндау үшін немесе бір идеяны жеткізу үшін жасалады (кейбіреулерінде бұл болмауы мүмкін). Подкастиңнің, радио немесе теледидардағы бағдарлама сияқты эфир кестесіне сәйкес келу үшін белгілі бір ұзақтығы болуы міндетті емес.
Кейбір подкастерлер «дыбысты жазу» түймесін басып, подкаст жасайды, содан кейін «тоқтату» түймесін басады да, шыққан нәтижесін жариялай салады. Бұл – “эпизод барысы қалай болды, солай кетті» деген ұстаным. Кейбіреулер осындай ұстаным подкастты ерекшелендіреді дейді.
Подкаст эпизодын еш өңдемей, тазаламай сала салу оңай және өте қызық процесс. Ал оны өңдеу қиын әрі іш пыстырады және оған өте көп уақыт кетеді.
Десек те подкаст эпизодтарын өңдеген жөн деп санайтын подкастерлер де аз емес. Олардың ойынша, подкаст эпизодын өңдеу өте маңызды іс, өйткені сіздің подкастер ретіндегі бірінші міндетіңіз – тыңдаушыларыңыздың көңілінен шығу, оларды сіздің подкастты ары қарай тыңдай беруі үшін бәрін жасау. Егер тыңдарманға подкаст эпизоды ұнамаса, ол оны әрі қарай тыңдамайды.
Сонымен, подкаст эпизодының ұзақтығы қанша болуы керек?
Менің ойым мынадай: подкастта баяндалып жатқан оқиғаны немесе идеяны тыңдарманға жеткізу үшін қанша уақыт керек болса, подкаст эпизоды да соншалықты ұзақ болуы керек. Тым қысқа болмасын, тым созып та жібермеңіз. Подкаст тыңдаушыларының сізге бөліп отырған назарын, олардың уақытын құрметтеңіз. Эпизодтың әр минутында маңызды ақпарат берілсін.
Егер керемет оқиғаны баяндау үшін 25 минут қажет болса, оның әр минуты маңызды екеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін 25 минут — бұл оқиға айтылып жатқан эпизодтың дұрыс ұзақтығы. Ал егер оқиға үш сағатқа созылса — бұл да қалыпты жағдай. Тек сол үш сағаттық эпизодтың әр минуты маңызды болсын.
, .